Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты имам-молдаларды жинап, ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» қорының қызметін баяндап, насихаттады. 2025 жылдық жоспарды жеткізіп, атқарылуы керек іс-шараларға тоқталды.
Алдағы уақытта жамағатқа, ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарға уақыпты дұрыс насихаттап, уақыпқа үлес қосуға шақыруды тапсырды. Әсіресе, сауаптар еселенетін Қасиетті Рамазан айында ізгі істер мен садақамен уақып жасап қалуға шақыру керектігі баса айтылды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі