МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Көктал ауылы “Мұхаммед (с.а.у)” мешітінің имамы Әлішер Ахметжанұлының ұйымдастыруымен және 1992-1993 жылдары туған ауыл тұрғындары бірігіп, мешіт асханасында ауызашар берді. Сонымен қатар, Әлішер имам ауызашар барысында сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, белсенді әрі дұрыс жауап берген 2 кісіге “Ұмра” қажылығына сертификат табыс етті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен мешіт жамағатына намаздың дініміздегі маңыздылығы және артықшылығы туралы ауқымды уағыз-насихатын айтып өтті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ақкөл ауылы. Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдиннің ұйымдастыруымен және “Қазақ Сода” компаниясының демеушілігімен аз қамтылған 50 отбасына азық-түлік таратылды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті Рамазан айының рухани шараларының бірі – тарауих намазын 30 түн бойы оқып, жамағатқа жетекшілік еткен қариға зор құрмет көрсетілді. Нарматов Бауржан көпшілік алдында қариға шапан жауып, астына тай мінгізіп, дәстүрлі сый-құрметін білдірді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданындағы Төле би мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айымен қоштасу мақсатында «Қош бол, айлардың сұлтаны – Рамазан!» атты рухани кеш өтті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданының имамы Дәурен Құттыбаевтың ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында Тараз қаласының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі Бақыт Әбдімомыновқа 830-шы баспананың кілті табысталды.