Аққұм ауылы "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәурен мешіт жамағатына намаздың дініміздегі маңыздылығы және артықшылығы туралы ауқымды уағыз-насихатын айтып өтті.
Қасиетті Құран аяттары мен хадис шәріптерден намаздың парыз болуы мен намаздың діндегі орны туралы айтып өтті. Жиын соңында Дәурен имам намаздың жәннәттің кілті екендігін тілге тиек етіп, намазымызға көздің қарашығындай сақтықпен қарауымыз керек деп сөзін аяқтады.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.