Көктал ауылы “Мұхаммед (с.а.у)” мешітінің имамы Әлішер Ахметжанұлының ұйымдастыруымен және 1992-1993 жылдары туған ауыл тұрғындары бірігіп, мешіт асханасында ауызашар берді. Сонымен қатар, Әлішер имам ауызашар барысында сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, белсенді әрі дұрыс жауап берген 2 кісіге “Ұмра” қажылығына сертификат табыс етті.
Өз кезегінде, Әлішер Ахметжанұлы осы игі амалға демеушілік еткен 1992-1993 жылдары туған ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, сіздерді де Раббымыз ұлы сапарға баруларыңыз нәсіп болсвн деп, ізгі тілегін білдірді.
"Мұхаммед (с.а.у)" мешітінің баспасөз қызметі.