ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 830-ШЫ БАСПАНА ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 830-ШЫ БАСПАНА ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының имамы Дәурен Құттыбаевтың ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында Тараз қаласының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі Бақыт Әбдімомыновқа 830-шы баспананың кілті табысталды.

Айтулы шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы арнайы қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды. Жаңа қоныс иесіне жылы лебізін білдіріп, шаңырағының шаттық пен берекеге толуын тіледі.

Қуанышты сәтте жиналған көпшілік баспананың табалдырығын аттап, ізгі тілектерін жаудырды. Облыс бас имамы дұға жасап, Құран оқыды. Өз кезегінде баспаналы болған азамат арманының орындалғанын айтып, жомарт жандарға алғыс білдірді. Айта кетейік, "Ел үлесі – пәтерге" жобасы өңірдегі көмекке мұқтаж жандардың баспаналы болуына мүмкіндік беріп келеді.

Жамбыл облысының "Зекет және қайырымдылық" қорының жауапты маманы Ержан Аманбаев мұндай қуанышқа толы сәттер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Жамбыл облыстық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: