Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмуханбетаранжан Айтмуханұлы Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітінде жұма жүргізді. Жиналған мешіт жамағатына «Әдет-ғұрыптың дініміздегі орны» атты тақырыпта уағыз-насихат айтты.
Адамзаттың түрлі ұлтқа бөлініп, түрлері мен түстерінің, нәсілі мен тегінің һәм тілі мен диалектісінің әркелкі болуы Алла Тағаланың айнымас аяттарының белгісі екенің аудан бас имамы тілге тиек етіп айтып өтті. Насихаттан кейін жамағатпен жұма уағызын оқып, артынан дұға, тілектер жасады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



01 Ақпан 2026
13 Шаабан 1447

