«Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады»,– деп Алланың елшісі(оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) жақсылыққа ұмтылуға шақырған. Қордай ауданы, Қарасу ауылы "Алхади" мешітінде Қадір түніне үлкен ауызшар өтті.
Ауыл тұрғындары қатысқан бұл басқосу Құран оқумен, дұға жасаумен басталды. Мешіт имамы Русланбек Сағынұлы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, уағыз-насихат айтты. Мешіт қызметінде болған жамағатты алғыс хатпен марапаттап , рахмет айтты . Барша ауызашарға қатысқан жамағатқа сауапты амалдан қалмау үшін атсалысу керектігі түсіндірілді.
Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі



01 Ақпан 2026
13 Шаабан 1447

