«Ұлттық спорт күні» мейрамы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған. Қордай ауданында осы күнге орай ұйымдастырылған жарысқа "Қордай" құран қариларын дайындау орталығынан төрт топ қатысты.
Жарысқа асық ату, қол күрес, арқан тартыс және ләңгі тебу сияқты дәстүрлі ойын түрлері қамтылды. Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде жеңіскерлер анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған бұл шара жастар арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, оларды ұйымшылдық пен достыққа баулуға зор ықпал етті.
Аудандық "Қордай "мешіті баспасөз қызметі



01 Ақпан 2026
13 Шаабан 1447

