Меркі ауданы имамдары арасында дәстүрлі садақ ату жарысы өтті. Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты негізінде имамдар арасында Садақ ату жарысы өтіп, аудан-ауыл имамдары өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл сайысты өткізудегі негізгі мақсат Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал ету және ұлттық спортымызды жаңғырту, насихаттау. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер», – деген. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтқан: «Расында, күш – садақ атуда».
Жарыс барысында нысананы дәл көздеп, жоғары ұпай жинаған имамдарға қаржылай сыйақы мен кітаптар табысталды. Іс-шара соңында ақ дастархан жайылып, ас беріліп, дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі