Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермухамбет Байсүгір жамағатқа «Исламның бес парызы» тақырыбын түсіндірді. Исламның негізгі деген бес парызы бар екені белгілі.
Олар: Шахада (куәлік ету), намаз, ораза, зекет және қажылық. Бұл жайында ардақты Мұхаммед (с.а.у.) хадісінде былай деген: «Ислам бес негізге құрылған: Шахада (Алла Тағаладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Алла елшісі екендігіне куәлік ету), намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан оразасын ұстау».
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі