Құптан намазы кезінде Шу ауданының «Жәми» мешітінде ерекше рухани кездесу өтті. Жамағатпен жүздесуге арнайы келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек жат ағымдармен күрес, дін мен дәстүр сабақтастығы және өткеннен сабақ алу тақырыптарында әсерлі уағыз айтты.


22 Қыркүйек 2026
9 Раби-сани 1448
