Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ ауылындағы «Тілеш қажы» мешітіне арнайы барып, айт мерекесінің құрметіне жайылған дастархан басында мешіт жамағатын құрбан айт мерекесімен құттықтап, «Дін мен дәстүрдің ұштастығы» тақырыбында насихат айтты.
Аудан бас имамы насихатында: «Дәстүр – тарихи қалыптасқан қоғам үшін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы. Яғни, бұл әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б. құндылықтар біздің ұлт болып ұйысып, халық болып қармасуымыздың кепілі», - деді.