Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Байзақ ауданында ұйымдастырылған имамдар арасында өткен спорттық шараны тамашалады.
Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Байзақ ауданында ұйымдастырылған имамдар арасында өткен спорттық шараны тамашалады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл толуына орай «Рамазан сыйы» атты республикалық қайырымдылық марафоны аясында 50 отбасыға азық-түлік салынған қораптар таратылды.
Қасиетті айда өткен рухани кеште, аудан ұстаздарын аудандық әйел-қыздар секторы басшысы Эльмира Аманқожақызы таныстырды. Олар «Рахман» мешіті ұстазы - Айгул Жолдасқызы, «Құдайберген» мешіті ұстазы - Малика Аханқызы, Қордай ауылдық мешіті ұстазы - Жұлдыз Жұмабайқызы.
Қордай ауданының әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Қасиетті ай құрметіне жиын болды. «Берекелі ай - Рамазан» рухани кешіне арнайы қонақтар шақырылды. Басқосу Құранмен ашылып, насихатпен жалғасып, ойындармен толықтырылды.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті Әжелер алқасы мүшелері Рамазан құрметіне ұйымдастырылған кеште сөз сөйледі. Жиынға келген жамағатты жақсылап қарсы алып, көркем насихатын айтып, жаңғыру айымен құттықтады. Осы айда көп жетістікке жетуге, аянбай құлшылық жасауға, ізгілікке шақырып, жамандықтан қайтаруға қатысты насихатын айтты. Рамазан айын көркем сабырмен өткізіп , алдағы Қадір түнінен мақұрым қалмауды ескертті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы №9 Меркі колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Жиын барысында білім алушы жастардың діни-танымдық ілімін арттыру мақсатында Ислам діні мен ұлттық дәстүрге қатысты сұрақтар қойылды.