Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен 130 мұқтаж отбасыға «Құрбан айттан сый» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Шарада әр отбасыға азық-түлік салынған себеттер мен шалынған құрбан еттері берілді. Азық-түлікке жұмсалған қаражат көлемі 1 300 000 теңгені құрады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!



15 Қараша 2025
24 Джумада-авваль 1447

