Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызы Сарыкемер ауылында орналасқан Астана саябағында әйел жамағатына табиғат аясында «Отбасы құндылықтарын сақтау – баршаға міндет» атты тақырыбында насихат айтты.
Жанат Әмірханқызы насихатында: «Халқымыздың ежелден бері келе жатқан рухани байлықтарының бірі ол – отбасылық құндылықтар. «Бала айтқанды емес, көргенді істейді», «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» және «Отан – отбасыдан басталады» атты нақыл сөздердің болуынан қазақтың отбасылық құндылыққа аса мән бергенін аңғаруға болады. Елдің келешегі мен оның болашақта тұтқасын ұстайтын азаматтар тәрбие көріп өскен жанұялардан шығатыны сөзсіз. Бірақ, бүгін балаға отбасыда дұрыс тәлім беріп жүрміз бе? Отбасылық құндылықтарымызды қалай сақтаймыз? Бақытты жанұя болуы үшін не істеу керек? Бүгіңгі басқосуда осы секілді сұрақтарға жауап іздейміз», - деді.