Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде рухани мәні зор Құран кеші ұйымдастырылып, Құран әліппесін аяқтаған 65 шәкірт қызға тәж тағылды. Игі шарада қасиетті Құранды жүрегіне тоқып, келесі сатыға өткен қыздарымыз үшін Құранға түсу рәсімі жасалып, ерекше қуаныш пен мәртебеге бөленді. Бұл кеш — олардың ұзақ уақыт бойы жасаған еңбегі мен тынымсыз ізденісінің жемісі.
Салтанатты жиында мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы шәкірттеріне тәж тағып, Құран иесі болудың абыройлы жол екенін насихаттады. Ұстаз шәкірттерін мадақтап, қарилыққа жету мәртебесін тіледі.
«Алла Тағала бұл шәкірттердің иманын бекем етсін, салихалы ұрпақ, салиқа жолының жалғастырушылары етсін!» деген ақжарма ниетпен қорытындыланған кеш көпшіліктің жүрегінен орын алды.
«һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі