ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДЕМАЛДЫ

ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДЕМАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері үшін тәрбиелік мәні зор, әсерлі демалыс ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткен бұл игі шара жастардың рухани дамуына серпін беріп, имандылық пен ұлттық құндылықтарды ұштастырды.

Шәкірттермен бірге сапарға шыққан мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы қыз-келіншектерге арнайы уағыз айтып, Алланың жаратқан табиғатын тану мен шүкіршіліктің маңызын баяндады.

Шара барысында түрлі спорттық ойындар ойналып, қатысушылар арқан тарту, асық ату, жүгіріс сынды қызықты жарыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, ұлттық рухты көтеретін атпен шабу мен садақ ату сынды дәстүрлі ойындар да ұйымдастырылып, шәкірттерге ерекше әсер сыйлады.

Оқу мен тәрбие қатар жүретін бұл демалыс – шәкірттердің бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына, табиғатты сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға жол ашты.

Мұндай мазмұнды шаралар болашақ ұрпақтың рухани тұрғыдан жетілуіне, ұлттық тәрбиенің діңгегін берік ұстауына ықпал етпек.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: