ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТІП, ҰМРАҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

ТАРАЗ: "КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ" МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТІП, ҰМРАҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранды жаттауға ынталандыру және әйел жамағатына мүмкіндіктің бар екенін паш ету мақсатында Тараз қаласындағы "Кеңесхан қажы" мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарыс үш номинация бойынша өтті. Бірінші номинация – «Фил» мен «Нәс» сүрелері аралығы, екінші номинация – «Дұха» мен «Нәс» сүрелері аралығы болса, үшінші номинация – толық бір параны қамтып, «Нәбә» мен «Нәс» сүрелері аралығында өткізілді.

Әр номинация бойынша үздік шыққан қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі орындармен марапатталып, бағалы сыйлықтармен қуантылды. Әсіресе, үшінші номинация бойынша сынға түскен 11 қатысушының арасынан оза шапқан жеңімпазға кіші қажылық — ұмра сапарына жолдама табыс етілді. 2 орынға - 100 000 теңге, 3 орынға - 50 000 теңге табысталды. Сонымен қатар 1,2 номинация бойынша да қаржылай сыйлықтар тарту етілді.

Мешіттің білікті ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы қатысушыларды рухтандырып, Құран жаттаудың маңызын, Алланың сөзіне деген құрметтің құндылығын атап өтті.

Жарыс соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар үлестіріліп, рухани кеш әсерлі де тағылымды күйде қорытындыланды.

Бұл игі бастама — әйел жамағаты арасында Құран жаттауға деген құлшынысты арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әжелер мектебінің жалғасын табуына да серпін бермек.

Жарыс жеңімпаздары тізімі төмендегідей:
«Фил» мен «Нәс» сүрелері аралығы:
– 1 орын – Джумагулова Айгүл
– 2 орын – Жүнісәлі Айым
– 3 орын – Абдрешова Мереке

«Дұха» мен «Нәс» сүрелері аралығы:
– 1 орын – Абдеш Майра
– 2 орын – Раджапова Дина
– 3 орын – Бегалы Айдана

«Нәбә» мен «Нәс» сүрелері аралығы (1 пара):
– 1 орын – Хабибрахманова Хабиба (ұмра жолдамасының иегері)
– 2 орын – Алпысбайқызы Балнұр
– 3 орын – Айбаділдә Аружан

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: