ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Жазғы демалысты тиімді әрі рухани пайдалы өткізуді көздейтін бұл курсқа 30 шәкірт қабылданды. Үш аптаға созылатын бағдарлама аясында жасөспірімдерге Құран әліппесі мен оқу, иман негіздері, ислам шарттары, пайғамбарлар тарихы және көркем мінез-құлық (ахлақ) жайлы арнайы сабақтар жүргізілуде.

Сауат ашу сабағы – жас буынның діни білімге деген алғашқы қадамы. Бұл курстың басты мақсаты – балаларға діннің асыл құндылықтарын түсіндіру, имани тәрбие беру және Аллаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті ояту.

«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары шәкірттерге тек білім ғана емес, рухани тәрбие мен адами құндылықтарды қатар үйретіп келеді.

Мешіт ұжымы осындай тағылымы мол сабақтар арқылы ұрпақтың жүрегіне иман нұрын себуді жалғастыра бермек.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: