ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Тараз қаласындағы "Әлі ата" мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа рухани насихат айтты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Тараз қаласындағы "Әлі ата" мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа рухани насихат айтты.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық «Тоқтыбай ата» мешітінің имамы Нұрболат Кеңесұлы мәдениет үйінде жастармен кездесіп, «жат діни ағымдардың қауіп-қатері» тақырыбында уағыз-насихат жасады. Жиынға ауылдық орта мектептің оқушылары қатысып, пайдалы ақпарат алып, діни жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық мешітінің имамы Батыр Нұрпейісовке Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Рамазан сыйы» табысталды. Ақыртөбе имамының дінге сіңірген еңбегі, атқарған қызметі ұшан-теңіз. Сонымен қатар, көп бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке, өнегелі отағасы.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеев пен Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтановтың қатысуымен ауылда дәстүрлі шара өтті. Шарада ауыл имамы мен ауыл ақсақалдары жиналып дәстүрлі әндер мен жырлар тыңдады.
Қасиетті Рамазан айының шарапаты сезілуде. Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы “Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына” арнайы барып қайты.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттердің асханаларында ауызашар дастарқанына ұлттық тағамдар қосу қолға алынды. Қасиетті Рамазан айының Наурыз мерекесімен қатар келгеніне байланысты мешіт асханаларын ұлттық нақышта безендіру, ауызашар дастарқандарына ұлттық дәмдерді қосу жолға қойылып, ораза ұстаған халыққа ұсынылуда.