Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешіт жамағатына "Достық" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Әрбір адамға қуанышы мен қайғысын бөлісетін, шерін тарқататын, мұңын шағатын, керегінде ойнап-күлетін, іс түскенде ақылдасатын дос керек.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың адам өмірінен алар орны ерекше. Ол – адамның айнасы. Адам баласы қоғамда дұрыс адам болып өмір сүруі үшін шынында да достары ерекше орын алады. Сол үшін халқымыз «Адамның күні адаммен» дейді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі