Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінің жанынан ашылған жазғы діни сауат ашу курс шәкірттеріне тек біліммен шектелмей, рухани әрі мәдени демалыс ұйымдастыруды да басты назарда ұстап келеді.
Кезекті іс-шара аясында лагерьге қатысушы балалар табиғат аясында серуендеп, таза ауада бір күндік демалыс өткізді. Ұстаздармен бірге өткен бұл мазмұнды күн ойын-сауық, түрлі сайыстар және пайдалы әңгімелермен жалғасын тапты.
Балалар уақыттарын тиімді өткізіп, өзара ынтымақ пен бауырмалдықты арттырды. Мұндай шаралар олардың жан-жақты дамуына және имандылыққа бет бұруына үлкен сеп болмақ.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.