Меркі: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Меркі: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда қадірлі тұлғаларды құрметтеу – біздің дәстүріміздің ажырамас бөлігі. Осы жолда мешіт ұжымы әрқашан ауданымыздағы қарт кісілердің көңіл-күйін сұрап, хал-ахуалынан хабар алып, қолдан келгенше көмек қолын созып, ақжаулықты аналар мен ақ сақалды қарияларымыздың ақ батасын алуда.

90 жасқа келген қарт әжеміз – ұрпаққа тағылымды өмір жолының үлгісі. Оның өткен ғұмыры қиыншылықтарға толы болса да, иманы берік, жүрегі мейірімге толы. Осыған орай, ақжаулықты әжемізге құрмет көрсетіп  аудан бас имамы Азамат Берікұлы мешіт ұжымы атынан «Muftiyat» баспасынан шыққан кітапті тарту етті. 

Қарттарды құрметтеу – қоғамның рухани кеңістігін нығайтады. Қарт әжеге берілген бұл кітап оның ұрпақтарына да діни құндылықтарды сақтауға үлес қосады. Мешіт ұжымының бұл ісі – баршамызға үлгі болатын ізгі бастама! 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: