ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешіт  жамағатына "Дін мен дәстүр егіз ұғым" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген.

Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен. Қазақ халқының мұсылмандық діни түсінігі, шешендік сөздері, діни-дастандары, мақал-мәтелдері, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінің мазмұнына да көз жүгіртсек, әрине, аят-хадистерге барып тірелетініне және рухани құндылықтарымен негізделуіне куә боламыз. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы бір сөзінде былай деген екен: «Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған».

Шынымен де «Алла атымен бастадым сөз әлібін, жарылқаған, жаратқан, бір тәңірім», – деп сөз бастаған Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни бабамыз бастап, бергі сөз бастаған жырау, шешендеріміздің ешқайсысының аузынан Алласы түспеген. Абай Хәкімнің: «Алланың, Пайғамбардың жолындамыз, ынтамызды бұзбастық иманымыз», – деуінің өзі қазақ халқының қандай жолды ұстанғандығын анық көрсетіп, әрқашан дәлелдеп тұрады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: