Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешіт жамағатына "Некенің шариғаттағы рөлі" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Неке – Жаратқан Алланың ерекше рақымы мен хикметіне толы ұлы нығметі.
Ол адамзаттың табиғатына сай жаратылған, жүрек пен жанды тәрбиелейтін, ақыл мен рухты кемелдендіретін иләһи жүйе. Бұл байланыс – ер мен әйел арасындағы тек материалдық келісім емес, керісінше, Алла разылығы үшін құрылған, өзара махаббат пен мейірімге, сенім мен құрметке, сабыр мен жауапкершілікке негізделген рухани келісім.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі