Халықты біріктіретін, ынтымаққа ұйытатын елдік құндылықтардың бірі – сенім, яғни дін десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, кейінгі кезеңде түрлі күштер дінді қоғамды біріктіру жолына емес, жік салу мақсатына пайдаланды. Оның салдарын біз әлі күнге көріп те келеміз. Осы орайда елдің жанын ауыртқан, зиялыларға қам жегізген діни ала-құлалықтан қалай арыламыз?
Елдік құндылықтар – дін мен діл, дәстүр мен білік үйлесімін лайықты кәдеге жаратып, халықтың ынтымағын арттыру үшін не істеу керек? Мешіт қызметкерлері ұйымдастырған кезекті үгіт- насихат жұмыстары осы тақырыпқа арналды. Осыған орай Ерназар ауылы "Абдіхайым" мешітінің молдасы Ғалымжан Қадыров, Аса ауылы "Домалақ ана" мешітіне арнайы зияраттап, мешіт жамағатына "Дін мен дәстүр" құндылықтары тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі