Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешіт жамағатына "Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Діни экстремизм, Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды.
Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі