Жуалы: Бақалы мәдениет үйінде Мәуліт шарасы өтті

Жуалы: Бақалы мәдениет үйінде Мәуліт шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бақалы ауылдық мәдениет үйінде «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көркем мінездің ең биік үлгісі» атты Мәуліт шарасы өтті. «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Мұсағалиұлы Бауыржанның ұйымдастыруымен өткен шараға Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы, ауыл имамдары, ауыл тұрғындары қатысты. Келуші кқпшілікке арнайы зәм-зәм суынан ішіп дұға жасалды. «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Мұсағалиұлы Бауыржан Құран Кәрімнен аят оқыды. 

Бас имам Есет Тұрдыбайұлыға сөз басында  Мәуліт — бұл туған күн. Бұл — дүниеге ақ пен қараның аражігін ажыратқан, адамзатқа ақ жолды, сара жолды көрсеткен, соңына мейірбан, қылдай қиянат жасамайтын барша Алланың жаратқан тіршілігіне тек қана жанашырлықпен қарауға үндеген, ізгі жол қалдырған Мұхаммед Пайғамбарымыздың Мәуліт күні. Баршаңызды осы Мәуліт мерекесімен құттықтаймын! — деп  Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірінен ғибрат алуға, Құран Кәрімнің мағынасын терең түсінуге, елдегі бірлік пен татулықты, сондай-ақ адамшылық қасиеттерді сақтауға шақырды.

Шарада Әбдірұлы Сейітқазы қажы Мәуліт жырын оқып, халық Мәуліт салауатын сілтідей ұйып тыңдады. Мықтыбеков Мәлік имандылық тақырыбында терме мен әндер орындады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: