Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов келген жамағатқа "Арақ және нашақорлықтың зияндары" тақырыбында уағыз айтты. Қаншама уақыт айтылып келсе де, арақ та, нашақорлық та тоқталар емес.
Арақ ішу бұрынғыға қарағанда басылды дегенмен, ушығып тұрғандығы жалғар емес. Ал, наша күннен күнге күрделене түсуде. Түрлі атаулармен аты өзгергенімен заты сол қалпында қалып, түрлі қоғамға зардаптарын тигізуде екендігі айтылды.
Пайғамбарымыздың мас қылатын заттардың көбі де, азы да арам етілгендігін өзінің хадистерінде атап өткендігі жеткізілді. "Азы да арам дегенді дұрыс ұғынбай тек көремін деген желеумен тастай алмай жүргендер қаншама екендігі өкінішті" - деп атап өтті.