Шу ауданы “Жәми” мешітінің әйел-қыздар жамағаты Мәуліт айының құрметіне дастарқан басында бас қосып, Құран хатым дұғасын оқыды. Игі басқосуда мешіт ұстаздары Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында кеңінен әңгімелеп, салауат айтудың маңызы жөнінде уағыз-насихат жүргізді.
Бұл шара – әйел-қыздар қауымының діни білімін арттырып қана қоймай, рухани байланысын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жиналғандар игілікті басқосуда ізгі дұға жасап, Мәуліт айының мерейін бірге сезінді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.