Жамбыл: Жат ағымнан аулақ болу

Жамбыл: Жат ағымнан аулақ болу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов келген жамағатқа "Жат ағымнан аулақ болу" тақырыбында насихат айтты. Алла Тағала Құранда: "Алланың дініне жармасыңдар да, бөлінбеңдер" деген аятына түсіндірме жасап, өзге ағымның келтірген зардаптарының бірі қоғамдағы ұйып отырған мұсылмандарды бөлу, үй ішінен үй тігу жақсылыққа апарар жол емес екендігі айтылды.

Керісінше бірігетін болсақ адасудан да, айналамызды түрлі зиянды нәрселерден аулақ ұстауға, Пайғамбарымыздың шынайы үмметі болуға жол ашылатындығы насихатталды. Бір-бірімен айтысу, сөз таластыру, білмеген нәрселерге кірісу шынайы шариғаттың меңзеген нәрселерінен тыс нәрсе екендігіне тоқталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: