Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев келген жамағатқа "Дін мен дәстүр" кітабынан сабақ өтті. Жамағаттың ішінде кейбір топтарға қатысы болғандар дәстүрдің толығымен ұстанудың қажеттілігі жоқ деп жүргендер бар екендігі анық.
Керісінше, дін кейбір мәселелерді дәстүр арқылы реттелетіндігі, үкімдер дәстүрге қарай шығарылатын кездері болатындығы жеткізілді. Дәстүрдің орны дінде бар екендігіне толық көз жеткізетін "Дін мен дәстүр" кітаптары екендігі түсіндірілді. Дін мен дәстүр бірге алып жүру біздің міндетіміз екендігі айтылды.