Меркі: Мешіт шәкірттері Яссауи кесенесіне зиярат жасады

Меркі: Мешіт шәкірттері Яссауи кесенесіне зиярат жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт жанындағы шәкірттерге рухани тәрбие беру мақсатында қасиетті Түркістан қаласына арнайы сапар ұйымдастырылды. Шәкірттер ұлы ойшыл, түркі жұртының рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат жасап, бабамыздың өнегелі өмірі мен ілімін танып-білуге мүмкіндік алды.

Зиярат барысында шәкірттерге Яссауи жолының тарихы, сопылық дәстүрдің ерекшеліктері мен оның қазақ халқының мәдениеті мен руханиятындағы орны жайлы түсіндірілді. Сонымен қатар, жас буынға ата-бабамыздан қалған асыл мұраға ұқыптылықпен қарау насихатталды.

Бұл сапар шәкірттердің имандылыққа деген құлшынысын арттырып, ұлттық тарих пен діни құндылықтарға жақындай түсуіне септігін тигізді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: