Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Құттыбаев келген жамағатқа "Пәтуа берудің исламдағы орны" тақырыбында насихат айтты. Мұсылман адам арам мен адалға мән беру керектігіне тоқталып, қоғамда бір нәрсенің арам мен адалын білу, онымен амал ету, арамға жол беріп ұрпағына қастандық жасамау өте маңызды екендігі айтылды.
Білмей немесе ойына салу арқылы үкім шығару үлкен қателік. Кейбір адам өзі ғана емес, басқаны да үгіттеп, қателіктерге ұрындырып жатқандығы түсіндірді. Осы қателіктер болмас үшін ғалымдар тарапынан пәтуа берілетіндігі және сонымен ғана жүрер болса қателеспейтіндігін айтып өтті.