#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде жастарды адал еңбекке шақырған кездесу өтті

#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде жастарды адал еңбекке шақырған кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жиенбет Жексенбай» мешітінде жастарды еңбекке, кәсіби дамуға және адалдыққа бағыттайтын тағылымды семинар-кездесу өтті. Шараны ауыл имамы Шүкірәлі Бердібеков және ауыл ақсақалдар төрағасы Тәңірбергеннің ұйымдастыруымен өткен жиынға ақсақалдар, кәсіп иелері және ел ағалары қатысып, жастарға өнегелі сөздерін арнады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – адал еңбектің құлшылыққа тең екендігін насихаттау және жастардың санасында адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушылар бір ауыздан адал еңбектің қоғам үшін де, әрбір адам үшін де маңызын атап өтіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еңбектің қадірі жөніндегі өсиетін жеткізді: «Еңбек етіңдер, еңбекте кәсіпкерлікке ұмтылыңдар, кәсіпкерлікте шеберлікке жетіңдер. Алла тағала өзгеге пайдалы мұсылманды жақсы көреді».

«Адалдық – адамды "Адамзат" деген құрметті есімге лайық ететін ұлы күш. Әрбіріміз Алланың разылығына ұмтылып, бір-біріміздің хақымызды құрметтеу арқылы қоғамға шын мәнінде қызмет етуіміз керек» – деді ауыл ақсақалдары.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: