#Шу: «Адал кәсіп» тақырыбында жастарға дөңгелек үстел өткізілді

#Шу: «Адал кәсіп» тақырыбында жастарға дөңгелек үстел өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы ауыл жастарына арнап «Адал кәсіп» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды адал еңбекке, кәсіби ізденіске және жауапкершілікке баулу болды.

Шара барысында имам Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріп, адал кәсіптің – берекенің бастауы әрі құлшылықтың бір түрі екендігін атап өтті.

Білікті дін маманы өз сөзінде «Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – деп бұйырған. Аятта бірінші адал нәрседен жеуіміз бұйырылып, кейін ізгі іс жасау турасында айтылған. Өйткені адал ризық, адам бойынан ізгі істің көрініс табуына себепші болады» - деді.

Жиынға қатысқан жастар адал еңбек пен кәсіптің артықшылықтары жөнінде ой бөлісіп, еңбекқорлық пен ізденістің қоғамға да, жеке өмірге де пайдасы зор екенін түсінді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: