#Шу: Аудандық мешіттерде нашақорлықтың зияны туралы уағыз айтылды

#Шу: Аудандық мешіттерде нашақорлықтың зияны туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы мешіттерде жұма намазы барысында қоғамға қауіпті әдеттердің зардаптары жайында арнайы уағыздар оқылды. Жамағатқа бағытталған насихатта рухани әрі әлеуметтік тұрғыдан адамдарға ауыр соққы беретін дерттердің қатарында құмар ойын, ішімдік, алаяқтық пен нашақорлық ерекше аталды.

Имамдар Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сүйене отырып, мұсылмандарды бұл зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.

«Адамның ар-намысы мен өмірін қорлайтын, отбасына да, қоғамға да орны толмас зиян әкелетін мұндай әрекеттерден сақтану – әрбір азаматтың парызы» деп атап өтті мешіт қызметкерлері.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: