ҚМДБ Тараз қаласы «Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінің әйелдер секторында ұстаз Зора Айдарованың жетекшілігімен ардақты Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.с.) сүбелі өмірі мен оған деген сүйіспеншілікке арналған Мәуліт мерекелік шарасы өтті.
Игі жиынға қаладағы өзге мешіттердің ұстаздары да қонақ болып келді. Бағдарламада Құран аяттары, салауаттар, хадистер оқылып, көп дұғалар жасалды. Сондай-ақ мешіттің имамы Амангелді Ембергенов мен ұстаздар сөз сөйлеп, рухани насихат айтты. Шараның айрықша көркі ретінде «Османжан баба» мешітінің имамы Ораз Баймахановтың жүрекке жеткен Мәуліт оқуын атап өтуге болады.
Оған дейін мешітте апталық «Салауат» байқауы ұйымдастырылып, түрлі жастағы 30-дан астам шәкірт қатысты. Нәтижесінде төрт жеңімпаз анықталып, барша қатысушылар сый-сияпатпен марапатталды. Құрметті қонақ ұстаздарға да естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай шаралар жамағаттың рухани өмірін көркейтіп қана қоймай, Алланың елшісіне (с.а.с.) былай деген: «Кім маған көп салауат айтса, Қиямет күні сол кісі маған ең жақын болады» (Тирмизи).
Мерекелік Мәуліт нұры мен шуаққа толы, рухни әсерлі жағдайда өтіп, қатысушылардың жүрегінде Аллаға деген шүкірлік сезімін, сүйікті Пайғамбарды (с.а.с.) жиі еске алып, салауат айтуға деген құлшыныс қалдырды.