Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Сендерден әрқайсыларың – бақташысыңдар, әрі әрқайсыларың өз аманатыңа жауаптысыңдар» деген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Сендерден әрқайсыларың – бақташысыңдар, әрі әрқайсыларың өз аманатыңа жауаптысыңдар» деген.
Тараз қаласындағы «Әзірет Әлі» мешітінде жамағат игілігіне арналған құдық уақып етілді. Аталған игі істің ерекшелігі – құдыққа арнайы мотор орнатылып, су мешіттің дәрет алатын орнына тікелей жеткізілетін мүмкіндік жасалды.
Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа арналған «Уақыптың ақыретке пайдасы» атты тағылымды семинар өтті. Басқосуды мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат жүргізді.
Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы өңір имамдарымен жүздесті. Кездесу барысында діни саладағы өзекті мәселелер қозғалып, мемлекет пен дін өкілдерінің өзара ықпалдастығы сөз болды.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінде ҚМДБ-ның С санатындағы діни қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасын толыққанды бітірген бірқатар дін қызметкеріне сертификат табыс етілді.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде ауыл имам-молдаларына жиналыс өтті.