ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әзірет Әлі» мешітінде жамағат игілігіне арналған құдық уақып етілді. Аталған игі істің ерекшелігі – құдыққа арнайы мотор орнатылып, су мешіттің дәрет алатын орнына тікелей жеткізілетін мүмкіндік жасалды. Бұл жамағаттың дәрет алуына қолайлы жағдай туғызып, мешіттің тұрмыстық қажеттілігін жеңілдетуге сеп болды.

Сауапты іске мұрындық болған жомарт азаматтарға мешіт ұжымы ризашылығын білдіріп, уақыптың қоғам игілігі үшін жасалатын қайырлы амал екені атап өтілді. Мұндай игі бастамалар жамағатты сауапты іске ұйыстырып, көпшілікке пайдасын тигізетін тұрақты сауап көзі болып қала беретіні айтылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: