Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінде  ҚМДБ-ның С санатындағы діни қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасын толыққанды бітірген бірқатар дін қызметкеріне сертификат табыс етілді.

Аталмыш оқу курсында екі ай бойы «Құран Кәрім», «Ақида», «Хадис ілімі», «Шариғат үкімдері» және «ҚМДБ концептуалды құжаттары» пәндерінен дәріс жүргізілді. 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған  курстан өткен ауыл имамдарына облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлының  арнайы сертификатын табыс етті.

Өз кезегінде курстан өткен дін қызметкерлері екі ай оқыту шарасын ұйымдастырған аудан бас имамы Қанат Әділханұлына алғыстарын айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: