УАҚЫПТЫҢ АҚЫРЕТКЕ ПАЙДАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

УАҚЫПТЫҢ АҚЫРЕТКЕ ПАЙДАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа арналған «Уақыптың ақыретке пайдасы» атты тағылымды семинар өтті. Басқосуды мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат жүргізді.

Семинар барысында Нұрлан Мұрат уақып ұғымының исламдағы орнына тоқталып, оның қоғамға және мұсылманның мәңгілік өміріне тигізер пайдасын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, сауаптың үзілмейтін амалдарының бірі саналатын уақып істерінің мәні, оның игілікке жол ашатын қайырлы бастама екені айтылды. Жамағатқа уақып мәдениетін дамыту – ел игілігіне қызмет ететін сауапты іс екені жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қайырымдылық пен ізгі амалдарды көбейтудің маңызы насихатталды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: