Қордай: Аманатқа адалдық – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Қордай: Аманатқа адалдық – қоғам қауіпсіздігінің негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Сендерден әрқайсыларың – бақташысыңдар, әрі әрқайсыларың өз аманатыңа жауаптысыңдар» деген.

Осы жауапкершілікті негізге ала отырып, «Қордай ауылдық» мешітінің имамы Бекзат Жұмабайұлы күзет полициясы қызметкерлерімен суицидтің алдын алу және педофилизмнің қоғам қауіпсіздігіне төндіретін ауыр зардаптары жөнінде мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығы, адам өмірі мен ар-намысты қорғаудағы қырағылық, сондай-ақ дін мен заңның ортақ мұраты – қоғамдағы әрбір жанды қауіптен сақтау екені кеңінен түсіндірілді. Алла Тағала ел тыныштығын баянды етіп, әрбір аманатқа адал болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: