Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы Нұрболат Аманбайұлы «Дархан дала» жобасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына жасаған сапары барысында Байзақ датқа кесенесіне зиярат жасады.
Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы Нұрболат Аманбайұлы «Дархан дала» жобасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына жасаған сапары барысында Байзақ датқа кесенесіне зиярат жасады.
ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Нұрболат Аманбайұлы ауданға қарасты дін қызметкерлеріне семинар өткізді.
Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Алматы қаласы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы Дүйсебаев Нұрболат Аманбайұлы Жамбыл облысына іс-сапары аясында Байзақ ауданы Түймекент ауылының жастарымен жүздесті.
Қайырымдылық пен адамгершілікке үндейтін игі істер өңірімізде жалғасын табуда. «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен бір ірі қара мал сойылып, оның еті мен қосымша азық-түлік салынған себеттер 15 отбасыға таратылды.
ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде қыз-келіншектер арасында Құран сайысы өтті. Иман мен ізгілікті насихаттауға бағытталған бұл шара өңірдің түкпір-түкпірінен келген шәкірттердің басын қосқан мәнді кездесу болды.
Тараз қаласында қолөнерді насихаттап, ұлттық мұраның жанашырына айналған DalaCrafts атты құмыра жасау орталығы мен аймаққа белгілі Sezim_Perfumes дүкені уақыпнама иегері атанды. Бұл мәртебе кәсіп иелерінің қоғамға ортақ сауапты іс жолында атқарған игілікті еңбегі мен қолдауын айғақтайды.