Тараз: "Түркісіб" мешітінде тарауық уақытында уағыз айтылды

Тараз: "Түркісіб" мешітінде тарауық уақытында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы "Түркісіб" мешіті ғимаратында қасиетті Рамазан айына орай тарауих намазы оқылып, жиналған қауымға рухани насихат айтылды.

   Уағыз барысында Рамазанның адам баласын сабырлыққа, тақуалыққа және ізгілікке тәрбиелейтін ерекше ай екені кеңінен түсіндірілді. Тарауих намазы - қасиетті айдың ажырамас бөлігі екені, оның сауабы мол құлшылықтардың бірі саналатыны айтылды. Бұл құлшылық арқылы мұсылман жүрегін тазартып, Жаратушыға жақындай түсетіні баяндалды.

   Сонымен қатар, кешкі уақытты бос әңгімемен емес, Құран тыңдап, дұға жасап, пайдалы істермен өткізу қажеттігі ескертілді. Рамазан - нәпсіні тәрбиелеу, кешірім сұрау және рухани жаңғыру кезеңі екені атап өтілді.

   Жиын соңында ел амандығы, бірлік пен тыныштық үшін дұға жасалып, қасиетті айды лайықты өткізуге шақыру айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: