Қасиетті Рамазан айына дайындық аясында Жамбыл Жабайұлы мешіті ғимаратында жарық шамдар толықтай жаңартылды. Жүргізілген жұмыстардың мақсаты - құлшылық етуге келген тұрғындар үшін қолайлы әрі жарық орта қалыптастыру.
Жаңартылған шамдар ішкі кеңістіктің жарықтылығын арттырып , намаз уақытында және кешкі тарауық барысында жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар , бұл өзгеріс ғимараттың жалпы көрінісін жақсартып , тазалық пен ұқыптылыққа мән берілгенін көрсетеді.
Қасиетті ай қарсаңында атқарылған мұндай игі істер құлшылық орындарының дайындығын арттырып , келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

