Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы мен «Нұрлыкент» ауылдық мешітінің ұстазы Дариға Қуанышқызының ұйымдастыруымен «Рамазан Құран түскен ай» атты құран кеші өткізілді.
Әйел-қыздар секторының мүшелерімен бірлесіп өткізілген шарада Рамазан айының құрметіне құран хатым оқылып, еліміз бен халқымызға береке мен молшылық тілінді. Қатысушылар қасиетті айға арналған дұғаларымен кешті рухани мәнге толтырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

