Жамбыл ауылы «Жексенбай ата» мешітінің имамы Ұзақбай Бадықов ауыл әкімшілігінде қасиетті Рамазан айына орай насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ораза ұстаудың мән-мағынасы, оның рухани және тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндірілді. Имам Рамазан айының сабыр мен шүкіршілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін ай екенін атап өтіп, әрбір азаматты сауапты амалдарды көбейтуге шақырды.
Сонымен қатар, Ислам және адал қоғам жыл аясында қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау, адалдық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері де қозғалды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

