Тараз қаласындағы "Әулие ата" мешіті құлшылық орнында қасиетті Рамазан айына орай «Ораза» тақырыбында тағылымды насихат жүргізілді. Уағызды бас имам Ержан Аманбаев айтты.
Насихат барысында оразаның рухани мәні, оның адам тәрбиесіндегі орны және тақуалыққа бастайтын ұлы құлшылық екені кеңінен түсіндірілді. Бас имам бұл ғибадаттың тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, сонымен қатар тіл мен жүректі жамандықтан сақтау, көркем мінез қалыптастыру екенін атап өтті.
Сонымен бірге қасиетті айда жасалатын игі амалдардың сауабы еселеніп жазылатыны айтылып, Құран оқу, садақа беру, дұға жасау және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды. Рамазан - сабыр мен шүкіршілікке тәрбиелейтін, рухани жаңғыруға жол ашатын ерекше кезең екені жеткізілді.
Қорытынды бөлімінде Отанымыздың берекесі мен жұрттың бірлігі үшін ақ тілек айтылып, барша қатысушыларға Рамазанның әр күнін сауаппен өткізуге үндейтін насихат білдірілді.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

