Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Нәметбай» мешітінде «Рамазанға дайындық» тақырыбында рухани іс-шара ұйымдастырылды. Кешті мешіт ұстазы, араб тілі, Құран және ислам негіздері пәндерінің оқытушысы Арыстанова Лейла ұстаз өткізді.
Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Нәметбай» мешітінде «Рамазанға дайындық» тақырыбында рухани іс-шара ұйымдастырылды. Кешті мешіт ұстазы, араб тілі, Құран және ислам негіздері пәндерінің оқытушысы Арыстанова Лейла ұстаз өткізді.
"Әулие Ата" мешіті әйел-қыздар жамағатына Рамазан айының келуіне байланысты ораза тақырыбында арнайы дәрістер ұйымдастырылып өткізілді. Дәрістердің негізгі мақсаты – жамағатқа оразаның шариғи үкімдерін кеңінен түсіндіру, оның рухани және тәрбиелік мәнін терең ұғындыру болды.
«Бірлікүстем» мешітінің айналасы мен оған жақын көшелерде жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Жаңа шамдар орнатылып, мешіт маңы жарық әрі қауіпсіз аймаққа айналды.
Аталмыш шараға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев мерекеге арнайы қатысып, және білім ордасына демеушілік көрсетіп жүрген азаматтар мектеп ұжым атынан құттықталды. Ізгі істерге ұйытқы болып жүрген жандарға алғыс айтып, арнайы алғыс хаттар табыстады.
Рамазан айында әйел-қыздар секторында «Қош келдің, Рамазан» атты рухани іс-шара ұйымдастырылып, жамағат ерекше әсерге бөленді.
Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Уақып» тақырыбында мазмұнды насихат айтты. Уақып — мұсылман қоғамындағы әлеуметтік әділеттілікті, бірлікті және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін, мүлікті қайырымдылық мақсатына мәңгілікке бағыштайтын ізгі институт.